news
Кітапхана – балаларға арналған білім мен шығармашылық орталығы

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі білім беру және шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылып келеді. Мұнда әр бала өз қызығушылығына сай бағытты таңдап, жаңа білім алып, пайдалы уақыт өткізе алады.

Жас оқырмандардың ерекше қызығушылығын компьютерлік ойын жасауды үйрететін сабақтар тудырып отыр. Бұл сабақтарда балалар Unreal Engine платформасы арқылы ойын жасау негіздерімен танысып, ойын әлемін құруды, кейіпкерлер мен түрлі көріністерді жобалауды үйренеді. Мұндай сабақтар балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және заманауи технологияларды меңгеру дағдыларын дамытады.

Сонымен қатар кітапханада тілдік курстар да ұйымдастырылып, балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сабақтар ойын, диалог және түрлі қызықты тапсырмалар арқылы өтеді.

Балалар арасында шығармашылық клубтар да үлкен сұранысқа ие. Бұл кездесулерде балалар сурет салып, қолөнермен айналысып, түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асырады. Мұндай үйірмелер балалардың талантын ашып, жаңа достар табуына мүмкіндік береді.

Кітапхана барлық балалар мен ата-аналарды біздің үйірмелерге қатысуға шақырады. Мұнда балалар кітап оқып қана қоймай, жаңа білім алып, өз жобаларын жасап, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізе алады.

Қош келдіңіздер Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға – білім мен шығармашылық тоғысқан ортаға!

Жаңалықтар
Контактілер