news
«Алтын жас»: жаңалық ашу мен қарым-қатынасқа толы кезең!

    Бүгін «Алтын Жастар» клубының қатысушылары Оралхан Бөкей атындағы кітапхана-сында кезекті рет бас қосты. Кездесудің басында психологпен танысу өтіп, өмірдің маңызды кезеңі – «алтын жас» туралы әңгіме өрбіді. Белсенділікті сақтау, өмірге деген қызығушылықты жоғалтпау және ішкі үйлесімділікті табу жолдары талқыланды.

    Психологпен әңгімеден кейін қатысушылар өздеріне ұнайтын нейрогимнастика жаттығуларын орындауға көшті. Бұл жаттығулар ойдың анықтығын сақтауға және зейінді арттыруға көмектеседі. Кездесу салауатты өмір салты туралы әңгімемен жалғасты. Бүгін ішек және оның микробиомы тақырыбына ерекше назар аударылды: микрофлораны қалай қолдау және ас қорыту жүйесіне қалай күтім жасау керектігі талқыланды.

    Кездесу интеллектуалдық жаттығумен аяқталды – қатысушылар ребустар мен кроссвордтарды шешті. Олар бірлесе жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетті!

    Жаңалықтар
    Контактілер