Кітапхана туралы












8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада ерекше аталып өтті!
Қаламыздағы қазақ тілін үйрететін бірегей орын – «Кел, сөйлесейік!» клубының ер азаматтары бар өнерлерін паш етіп, нәзік жанды аруларға жылы лебіздерін жеткізді.
Мерекелік бағдарлама барысында мемлекеттік тілде түрлі ойындар ойнатылып, әуезді әндер шырқалып, поэзиялық туындылар мен театрландырылған қойылымдар көрініс тапты. Оқушылар өз өнерлері арқылы білім меңгеру деңгейлерінің жоғары екенін көрсете білді. Ең бастысы – тіл курсына қатысушылар өз ойлары мен құттықтау сөздерін қазақ тілінде жеткізді.
Шара барысында тіл үйренуші оқырман қауымы тамаша көңіл-күйге бөленіп, естелік сыйлықтарға ие болды.
✨ Барша өскемендіктерді «Кел, сөйлесейік!» клубында қазақ тілін меңгеруге шақырамыз.
🇰🇿 Мемлекеттік тілді бірге үйренейік!
Кітапхана мекенжайы: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22