news
19–29 наурыз аралығында Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана мектеп оқушыларын көктемгі демалысты мазмұнды әрі шығармашылықпен өткізуге шақырады.

«CreativeSpace» шығармашылық шеберханасында паперкрафт тәсілімен «Наурыз қызғалдақтарын» жасаймыз.

МультСтудияда «Жайнаған көктем!» атты анимациялық экофильм түсіреміз.

Story-book шеберлік сабағында нейрожелілер мен жасанды интеллекттің көмегімен «Менің демалыстағы ғажайып саяхатым» атты өз әңгімемізді жазамыз.

«Фломастер PARTI» алаңында Наурыз мерекесінің суретін саламыз.

«ТехноSHEBER» 3D-баспа орталығында «Қызғалдақ» сувенирін модельдеуді үйренеміз.

Сондай-ақ ұлттық ойындар ойнаймыз: асық ату, тоғызқұмалақ, ләнгі және бес тас.

Ал «Кітапхана кинозалында» Наурыз мерекесіне арналған мультфильмдер мен танымдық фильмдерді тамашалай аласыздар.

Кітапханамызға келіңіздер! Біз сіздерді күтеміз!

📍 Мекенжайымыз: Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22

📞 Байланыс телефоны: 8 747 212 83 31

Жаңалықтар
Контактілер