Кітапхана туралы

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Отанымыздың Тәуелсіздігі күніне арналған патриоттық саяхатқа шақырамыз!
Ата-Бабамыз аманат еткен ұлттық құндылықтарымыз – Оралхан Бөкей атындағы кітапханада!
«Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным» атты кешенді көрмедегі мемлекеттік Рәміздерімізге тағзым етеміз!.
«Тәуелсіздік тарихы – Бабамыздан басталады!» атты кітап көрмемізде ұлтымыздың өткені мен бүгінінің шежіресі.
1986 жылы азаттық көтерілісіне қатысқан қайсар жерлестерімізді «Желтоқсан Жастары» атты ақпаратты фотокөрмеде дәріптедік.
Кітапхана кинозалында - Ел тарихы туралы көркем және деректі фильмдер көрсетеміз.
«Абай жолы» көрмесі мен Оралхан Бөкейдің мұражай-үйіне VR саяхат.
«Ата-Баба дәстүрі - XXI ғасырда» алаңында өнер тарихымен танысып, ұлттық киімдерімізді киіп көресіздер. Асық ату, Ләңгі, Бестас – ұлттық ойындарымыздың маңызына мән береміз. «Өзгерген Өскемен» атты VR локацияда Өскеменнің ежелгі және бүгінгі көріністеріне куә боласыздар.
«Түркі тілдері отбасының дүниежүзілік күніне» арналған кітап көрмесінде түркі тілдес халықтар әдебиетімен таныстырамыз.
«КомиксКЛУБ шеберханасында Қазақ тарихын комикс өнерінде бейнелеп, «ТехноШЕБЕР» орталығында 3D үлгісін жасауды үйретеміз.
«Тәуелсіздік дәуірінің дауысы» атты бейне-көрсетілімде – бүгінгі заманның танымал тұлғалары.
Оралхан Бөкей кітапханасына келіңіздер!
Отанымыздың Тәуелсіздігін бірге дәріптейік!
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:
+7 7778550705; 8(7232) 25-17-70