Кітапхана туралы
















Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қабырғасында «Жұлдыз» балалар өнер мектебімен бірлесіп, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті.
Іс-шара әдебиет пен бейнелеу өнерін, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды тоғыстырды. Өнер мектебінің тәрбиеленушілері Жамбылдың өмір жолымен, оның айтыскерлік шеберлігімен, суырыпсалмалық өнерімен танысты. Балалар «Ленинградтық өренім!» өлеңін тыңдап, оның жазылу тарихы мен тарихи маңызын білді.
Әдеби бөлімнен кейін жас суретшілер ақынның портретін салуға кірісті. Бірі классикалық әдіспен – қарындаш пен бояу арқылы жұмыс жасаса, енді бірі графикалық планшеттерде цифрлық форматта орындады. Дәстүр мен заманауи технологияның үндесуі балалардың шығармашылық қиялын кеңейтіп, Жамбыл бейнесін өзіндік көзқараспен жеткізуге мүмкіндік берді.
Кездесудің ең әсерлі сәті – мультстудия «Ожившие рисунки» көмегімен дайын портреттерді «Ғарыш кеңістігіне» жіберу болды. Анимациялық қозғалыс арқылы балалар еңбегі жанданып, ақын жырының мәңгілік рухы мен шексіздігін бейнеледі.
«Жұлдыз» өнер мектебінің сәндік-қолданбалы өнер пәні оқытушылары Глушкова Л.В. мен Айтказинова А.К.-ға шығармашылық кездесуге белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Жас суретшілердің жұмыстары Жамбыл Жабаев бейнесін терең сезініп, ерекше қырынан көрсете білді.