news
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымымен депутаты Аскерхан Алтайдың кездесуі өтті.

Кездесу барысында депутат Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.

Әсіресе мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, өкілді органдардың рөлін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Аскерхан Алтай референдум – халықтың өз еркін тікелей білдіруінің маңызды құралы екенін атап өтіп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытуы қажет екенін айтты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Жиын соңында депутат ұжым мүшелерін алдағы референдумға қатысуға шақырып, елдің ертеңі әр азаматтың саналы таңдауы арқылы қалыптасатынын жеткізді.

Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы маңызды конституциялық үдерістерге жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.

Жаңалықтар
Контактілер