news
Шығармашылық, қозғалыс және қарым-қатынас — белсенді өмір салтының негізі

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қабырғасында «Золотая молодёжь» клубының кезекті кездесуі өтті. Бұл клуб — жасы үлкен жандардың зияткерлік, шығармашылық және тілдік тұрғыда дамуына арналған ашық алаң.

Кездесу дәстүрлі түрде нейрогимнастикадан басталды. Қатысушылар ми қызметін белсендіретін, зейін мен есте сақтау қабілетін арттыратын арнайы жаттығуларды орындады. Қарапайым қимыл-қозғалыстар арқылы екі ми жартышарының үйлесімді жұмысы күшейтіліп, сергектік пен жақсы көңіл күй қалыптасты.

Одан кейін шығармашылық бөлімге кезек берілді. Бұл жолы клуб мүшелері паперкрафт техникасында көпқырлы қағаз матрёшка құрастырды. Ұсақ бөлшектермен жұмыс жасау ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеді және ұсақ моториканы, кеңістіктік ойлауды дамытады. Әр қатысушы өз қарқынымен жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетіп, нәтижесіне қуанды. Залда ынтымақ пен достық атмосферасы орнады.

Кездесу соңында ауызекі қазақ тілі сабағы жалғасты. Қатысушылар күнделікті өмірде қолданылатын сөз тіркестерін қайталап, еркін диалог арқылы тілдік дағдыларын жетілдірді. Тіл үйрену — тек білім алу емес, сонымен қатар өзара қарым-қатынасты нығайтудың тиімді жолы.

«Золотая молодёжь» клубы — қозғалыс, шығармашылық және үздіксіз дамуды біріктіретін ерекше орта.

Баршаңызды кітапханадағы түрлі жобалар мен іс-шараларға шақырамыз! Сіздерді қызықты шеберлік сабақтары, тілдік курстар, жаңа білім мен шабытқа толы кездесулер күтеді.

Жаңалықтар
Контактілер