news
Шығармашылық пен қарым-қатынас уақыты

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада белсенді және ізденімпаз егде жастағы оқырмандарға арналған жоба аясында кезекті кездесу өтті. Біздің іс-шарамызға қызығушылық танытып, уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді таңдаған әрбір қатысушыға қуаныштымыз.

Кездесу нейрожаттығулардан басталды — бұл жаттығулар миды белсендіруге, назарды шоғырландыруға және шығармашылық жұмысқа дайындалуға көмектесті. Мұндай тәжірибелер біздің дәстүрлі бөлігіне айналып, қатысушыларға жұмыс ырғағына жеңіл енуге мүмкіндік береді.

Кездесудің негізгі бөлігі — жаңажылдық паперкрафт болды. Қатысушылар кәмпит пішініндегі әдемі сыйқораптар жасады — оларды сыйлық ретінде ұсынуға да, мерекелік безендіру ретінде қолдануға да болады. Қолөнер процесі барлық қатысушыларды баурап алды: жанды тыныштандырды, сенімділікті арттырды — әрбір жұмыс ұқыпты әрі мерекелік болып шықты; ең бастысы — шығармашылықтың әр адамға қолжетімді екенін көрсетті!

Мұндай кездесулер — жаңа дағдыларды үйренуге, өз қабілеттеріңді сынап көруге және уақытты пікірлес жандармен бірге пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың жаңа техникаларды меңгеріп, процесстен ләззат алғандарын көру біз үшін үлкен қуаныш.

Барлық ниет білдірушілерді біздің тегін курстарымыз бен бағдарламаларымызға қатысуға шақырамыз. Әркім өзіне ұнайтын бағыт тауып, қабілетін ашып, жаңа әсерлерге бөлене алады.
Шығармашылық — көңіл-күй сыйлайды. Келіңіздер, өздеріңіз де көз жеткізіңіздер!

Жаңалықтар
Контактілер