news
Курсанттар кітапханада әсерлі дәріс алды

Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапханамызда терең мағыналы шаралар жұртшылыққа паш етілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өскемен қаласындағы оқу орталығының курсанттары атаулы күнге арналып жасалған «Тәуелсіздік тарихы – Бабамыздан басталады!» кітап көрмесімен танысып, деректі әдебиетті зерделеді. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасына қатысқан шығысқазақстандық қыз-жігіттер жайлы ақпаратты фотокөрмемен танысты. Кино залында желтоқсандықтар жайлы әсерлі бейнефильмдер көріп, талқылады.

Өз кезегінде, құтқарушы-өрт сөндірушілер, кітап ордасындағы сандық жүйе, ІТ саласы, 3D құрылғылары үрдістерімен кең танысып, ақпараттандырылды.

Сіздерді Оралхан Бөкей кітапханасына келіп, тарихи кітаптар оқуға шақырамыз!

Мекенжайымыз:

Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жаңалықтар
Контактілер