Кітапхана туралы










Екі жыл бұрын №4 «Нота» филиалымызда ашылған домбыра студиясы қазақ музыкалық мұрасын сақтап, дамыту жолындағы маңызды орталыққа айналды.
Студияда домбыраға қызығушылық танытқан түрлі ұлт өкілдерінен шыққан балалар білім алып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Бұл жетістіктер — кітапхана волонтёрлерінің ерен еңбегінің жемісі. Волонтёрлар, яғни халық артистері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері — Ерғалиұлы Ералы, Болатұлы Ерасыл және Орманова Рысжан жас домбырашыларға тек ойнауды үйретіп қана қоймай, қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілікті де ұялатып келеді.
Домбыра — қазақ халқының жаны, ғасырлардан жеткен мұрасы, ұлттық рух пен дәстүрдің айшығы.
Сіздерді әр сенбі күні сағат 13:00-де Металлургтер көшесі, 13 мекенжайында орналасқан №4 «Нота» кітапхана-филиалына шақырамыз!