news
«Жасанды интеллект дәуіріндегі тілдік өзгерістер» тақырыбындағы облыстық семинар

«Жасанды интеллект дәуіріндегі тілдік өзгерістер» тақырыбындағы облыстық семинар
Ел Президентінің «2026 жыл -Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған қаулысы аясында 2026 жылғы 20 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі тілдік өзгерістер» атты облыстық семинар өтті. Семинарға облыстағы қала, аудандардың тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Спикерлер ретінде «Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің, Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың қызметкерлері қатысты.
Іс- шарада жасанды интеллект және тілдік модельдер саласындағы заманауи жетістіктерге арналған мамандандырылған семинар тақырыптары қозғалды.
Атап айтқанда:
«Жасанды интеллект және қазақ тілінің дамуы: білім беру үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктер»;
“Жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы қазақ тілін калькадан тазарту”;
«ЖИ заманауи сабақты дайындау құралы ретінде» шеберлік сағаты;
«Жасанды интеллект дәуіріндегі академиялық жазуды түрлендіру»;
Жасанды интеллект және қазақ тіліндегі сауатты жазу мәдениеті: мүмкіндік пен қауіп;
«Мұғалімдерді оқытуда, зерттеуде және кәсіби дамытуда ЖИ-ті этикалық қолдану»;
«ЖИ тарих сабақтарында қазақы тарихи терминдерімен жұмыс істеу құралы ретінде». Бұл тәжірибе алмасу
семинарға қатысушыларға өз қызметтерінде ЖИ пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашты деген үміттеміз.

Жаңалықтар
Контактілер