Кітапхана туралы
«БАТЫРЛАР – ҰРПАҚ ЕСІНДЕ!» 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған
еске алу және дәріптеу облыстық Акциясын өткізу барысы туралы
ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушы: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Акцияның мақсаты: 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және Тылда еңбек еткен Батырларды еске алып, дәріптеу.
Акцияға қатысу үшін не істеу керек:
Жәдігерлер мен өз естеліктеріңізді 1 наурыздан – 22 сәуірге дейін электрондық поштамызға жіберіңіздер: ukcbs70@gmail.com.
Ұмытпай жазу керек:
Бұл көрмеге қатысуға өздеріңізді де шақырамыз!
Аталарыңыз бен Апаларыңыздың үлкейтілген фотосының жанында тұрып, естеліктеріңізді айтасыздар.
Шараны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы ел назарына ұсынамыз
Осылайша, батыр жандарыңызды дәріптеп, тағзым етесіздер!
Жасалған көрме кітапхана мұрағатында сақталады.
Сондай-ақ, әр жыл сайын көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Батырлар алдындағы ұрпақтық парыздарыңызды өтеуге асығыңыздар!
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22