news
Егде жастағыларға – ерекше жоба

Кітапханамыз біраз уақыттан бері зейнет жасындағы оқырмандардың қуана келіп, қауыша кездесетін орнына айналып отыр.
Оған себеп – ерекше жобамыздың жүзеге асырылуында.
Қазіргі уақытта білгіленген жоспар бойынша зейнеткерлер аптасына екі рет кітап ордасына келіп, заманауи компьютерлік технологиялармен етене танысып қана қоймай, қолдануды да үйренуде.
Кітапхананың ІТ саласының қызметкерлері оларға сандық үрдіс, сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары дәрісін оқуда.
Егде оқырмандарға, сонымен қатар, ұлттық құндылықтар жайлы да терең мағлұмат берілуде.
Өз кезегінде, олармен ежелден әйгілі «асық ату», «бес тас ойын», «ләңгі» ойындары ойналды.
Ұлттың ойындарымыз «алтын жастағылардың» ерекше қызығушылығын танытты.

Қадірменді зейнеткерлер!
Сіздерді кітапханамызға келіп, қызықты кітаптар оқып, заманауи сандық технологияларды меңгеруге шақырамыз!
Мекенжайымыз:
Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жаңалықтар
Контактілер