Кітапхана туралы



Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Unreal Engine платформасында компьютерлік ойындар жасауға арналған курс қазір өтіп жатыр. Бұл курс — ойын индустриясында кеңінен қолданылатын заманауи әрі қуатты технологиямен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Сабақ барысында қатысушылар ойын жасаудың негіздерін меңгеріп, өз жобаларын әзірлеуде. Курс аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс істеледі:
Курс ойын жасауға қызығушылығы бар барлық жастағы қатысушыларға арналған, тәжірибесі жоқ жаңадан бастаушылар да қатыса алады.
📍 Өтетін орны: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
📅 Сабақ күндері: сейсенбі және бейсенбі
⏰ Уақыты: 10:00
Компьютерлік ойындар әлеміне қадам басып, өз ойыныңызды жүзеге асырғыңыз келсе — біз сіздерді кітапханада күтеміз!
📚🎮 Қош келдіңіздер!