Кітапхана туралы

Жас Дос!
Сені кітапханамыздың «БояуLAND» сурет үйірмесіне шақырамыз!
Қылқаламды қолға алып, сурет салудың қыр-сырын тегін үйренесің!
Суреттің мазмұнын құрастыру, түрлі түсті бояуларды таңдау, бейнелердің көлемін белгілеу және басқа да көркемдік материалдарды пайдалануды меңгересің.
Анимация студиясында өз қиялыңдағы мультфильмді жасайсың. Суреттерін саласың, бейнелерге жан бітіресің және сөйлетесің!
Әр сабақ аса қызықты өтеді. Шығармашылық ой-қиялыңды дамытып, өзің сияқты дарынды достар табасың!
"БояуLAND" – сенің армандарың мен қиялдарыңды жүзеге асыратын өнер үйірмесі! Кел, бірге сурет салайық!