Кітапхана туралы










29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана оқушыларды қысқы демалысты көңілді, танымды және шығармашылықпен өткізуге шақырады!
Кітапхананың балалар бөлімі сіздер үшін мазмұнды қысқы бағдарлама дайындады. Сіздер өз мультфильмдеріңізді жасауды үйреніп, кейіпкерлерді жандандыру технологияларымен танысасыздар, сондай-ақ режиссёр, суретші және аниматор рөлінде өздеріңізді сынап көресіздер. Күн сайын сіздерді кітапханаға экскурсиялар, КОМИКС-КЛУБ, «ТехноSHEBER» 3D-басып шығару орталығы, түрлі байқаулар мен ұлттық ойындар күтеді. КОМИКС-КЛУБта — аниме көздерін салу бойынша шағын сабақтар, ал 3D-зертханада — сүйікті кәдесыйларыңызды басып шығару мүмкіндігі ұсынылады.
29 желтоқсан — «ИЗЮМИНКА» шеберлік сабағында жаңа жылдық шыршаға арналған ойыншықтар дайындайсыздар.
30 желтоқсан — шығармашылық пен сиқыр күні! МУЛЬТСТУДИЯДА сіздер нағыз аниматорларға айналып, «Үш аю» қазақ ертегісінің желісі бойынша өз мультфильмдеріңізді жасайсыздар.
3–4 қаңтар — кино мен жайлылық уақыты! КІТАПХАНАЛЫҚ КИНОЗАЛДА сіздерді қызықты әрі танымдық фильмдер күтеді: «Крылатые монстры», «Планета Земля», «Жила-была жизнь». Қалаған фильміңізді таңдап, үлкен экранда білім мен жаңалықтар әлеміне саяхат жасай аласыздар.
5 қаңтар — «ART-поляна каникулда “Фломастер PARTY: Менің сүйікті ертегім!”» байқауында сүйікті ертегілеріңізді түрлі-түсті иллюстрацияларға айналдырып, қиялдарыңызға еркіндік бересіздер.
6 қаңтар — STORY-BOOK шеберлік сабағында өздеріңіздің «Сиқырлы жаңа жылдық оқиғаларыңызды» жазасыздар.
Мекенжайымыз: Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Байланыс нөмірі: 8 747 212 83 31