Кітапхана туралы



Неге дейсіздер ғой? Басынан бастап айтайық.
Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ТАБИЕВА БАҚЫТГҮЛ АЛПЫСБАЙҚЫЗЫНЫҢ тапсырысы бойынша «МҰЗТАУ» әдеби клубымызда гимназияның 5-сынып оқушыларымен жүздестік. Жай ғана жүздескен жоқпыз. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жазушы САЙЫН МҰРАТБЕКОВТЫҢ «АНАНЫҢ АРМАНЫ» атты әңгімесін бірге талдадық.
Өзара ой-пікір бөлісу кезінде мазмұны күрделі шығарманың астарын түсініп, өз пікірлерін дұрыс жеткізе білген оқушыларға риза болдық.
Ұрпағының бірі-бірімен тату-тәтті болғанын армандап өмірден өткен Ана туралы әңгіме балаларға ерекше әсер еткенін байқадық.
Әрине, бұл қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытгүл Алпысқайқызының ұстаздық ұлағатының керемет нәтижесі екені белгілі. Әдебиетті тәрбие негізі етіп, баланың санасына жан-жақты жеткізе білген ұстаз біліктілігіне бек риза болдық!
Оқушылардың шығарманы ықыласпен оқып, жүрекпен түсінгеніне қуандық!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Хабарласыңыздар:
7 777 855 07 05; +7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы
Мекенжайымыз
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22