news
Қысқы демалыс қызығы — кітапханада

Глубокое кентіндегі Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 7 -сынып оқушылары қысқы демалыстарының бір күнін Өскемендегі қалалық кітап ордасына саяхат жасауға арнады.
Кітапханадағы заманауи үрдістермен танысты. ІТ, ЖИ технологиялары бағытындағы іске асырылып жатқан жобалар жасөспірімдердің асқан қызығушылығын тудырды.
3D құрылғылармен, ескі фотоларға «жан бітіретін» бағдарламалармен жұмыс істеуден ерекше әсер алды.
Оқушылар кітап әлеміне еніп, ұнаған шығармаларын оқып, қызықты мазмұндармен пікір бөлісті.
Комикс кітаптарды зерделеу, мультстудияны тамашалау - балалардың жадында сақталары сөзсіз.

Қадірменді ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді қысқы демалыс күндері кітапханамызға келіп, қызықты кітаптар оқуға шақырамыз!
Мекенжайымыз:
Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жаңалықтар
Контактілер