Бейбіт Атом күндері
Ұстаздар, Студенттер және Оқушылар!
«Бейбіт Атом күндері» шараларына шақырамыз!
17-18 сәуір күндері «Бейбіт Атом күндері» аясында «Қазақстанның ядролық қоғамы» және Томск политехникалық университетінің өкілдерімен өтетін танымдық кездесуге қатысуға шақырамыз!
Ядролық энергетикадағы заманауи технология және Атом саласын дамыту бағытындағы жоспарлар туралы ақпараттар аласыздар.
Шараға қатысып, ядролық технология туралы бұрын-соңды білмеген құнды деректерге куә болыңыздар!
Бағдарламада:
Шаралар | Аңдатпа | Уақыт мөлшері | Қатысушы адам саны |
Радиацияны жаңа әлемде пайдалану» -воркшоп | Радиация адамзат өміріндегі қажеттіліктің бірі. Адам бар жерде – радиация бар. Күннің ядролық реакциясының жылуы мен жарығы біздің өміріміздің өзегі. Осы тақырыпта шеберлік сыныбы аясында дәріс оқылып, іс-тәжірибе жүзінде көрсетіледі. (Вильсон камерасының стробоскопиялық әсері, реактор құрылымы) | 30-40 минут | 30-40 адам |
«BEAM-жұмысты жүзеге асыр!» шеберлік сыныбы | Шеберлік сыныбында өзіңізді электроника, бионика, робототехника, механикалық жүйе инженері ретінде сезініп көру мүмкіндігі бар. Ал осылардың барлығын бір мамандық аясына біріктіруге бола ма? Әрине болады! Біз сізге осындай әмбебап РОБОТ жасауға үйретеміз! | 40 минут | 20 адам |
«Жаңа материалдар алу технологиясы» воркшоп | Воркшопқа қатысушылар материалтану, нанотехнология, көпқұрамды материалдар және жаңа материалдар жасау мен өңдеу әдіс-тәсілдері туралы ақпараттар алады. | 40 минут | 30-40 адам |
«Электр энергетикасы» шеберханасы | Бұл шеберханада энергетикадағы үрдістерді көрсететін тәжірибелермен таныстырамыз, электромагнитті өрістің қандай болатынын көрсетеміз, үйде электроқозғалтқышты қалай жинауға болатыны туралы айтып береміз. Сонымен бірге, сізге токтың қалай әсер ететінін де сезініп көретін боласыз. | 40 минут | 30-40 адам |
Индастриал Квиз | Томск политехникалық университетінің тарихы және технология мен заманауи құрылымдар туралы ойын. | 60 минут |
Другие новости
15 мая 2024
АЙШЫҚТЫ КЕЗДЕСУГЕ КЕЛІҢІЗДЕР!
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, АЙШЫҚТЫ КЕЗДЕСУГЕ КЕЛІҢІЗДЕР!2024 жылы, 17 мамырда, сағат 15:00-де ШҚО сәулет-этнографиялық...
15 мая 2024
Отбасы күні
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!Жыл сайын біз, Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұжымы, дәстүрлі түрде...
14 мая 2024
15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні – ...
15 мамырда, сағат 11:00-де «Жаңа Заң – Отбасы тыныштығының кепілі» атты шараға шақырамыз! Бағдарламада:...
Новости филиалов