Кітапхана туралы
БАЛАЛАР, ДЕМАЛЫСТАРЫҢДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Жас Достар, міне, оқу жылының екінші тоқсаны да аяқталды. Алда бақандай он күн қысқы демалыс. Үйде телефонға телміріп, көздеріңді ауыртпай біздің кітапханаға келіңдер!
Сендер каникулды қызықты өткізу үшін көптеген қызықты шаралар дайындадық. VR асық ату ойыны, Тоғызқұмалақ, Шахмат, Бестас ойнап жарысасыңдар.
Мульстудияда мульфильм түсіресіңдер. Кітапхана кинотеатрының үлкен экранында көркем және анимациялық фильмдер тамашалайсыңдар. Робототехника кереметін үйренесіңдер.
Түрлі ойыншықтар жасап, квес-ойындарға қатысасыңдар. Әппақ қарға оранған орманға саяхат жасайсыңдар. Аниме және Манга суреттерін салып үйренесіңдер.
Сендерге арналған басқа да қызықтарымыз көп. Қысқы демалыстарыңды бізбен бірге өткізіп, таңғажайып тамашалармен танысуға шақырамыз!
Сендер үшін бәрі ТЕГІН! Айтпақшы, біздің кітап ордамызда жаңа достармен де танысасыңдар!
Келіңдер, БАЛАЛАР, қуана қарсы аламыз!
Хабарласыңыздар: 8-747 212 83 31
8 -7232 25 17 70
Мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22






Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов