Кітапхана туралы
Проза, Поэзия, Фантастика және Публицистика бойынша өздеріңіз ықыласпен оқыған кітаптарды мына сілтеме https://100kitap.kz арқылы 100 кітаптың тізіміне ұсыныңыздар!
Ұлттық сауалнама 23 шілдеде аяқталып, Хәкім Абайдың туған күні – 10 тамызда қорытындыланады.
Бұқаралық шараға үн қоса алмай, «АЙ, ҚАП» деп өкініп қалмаңыздар!
Естеріңізде болса, былтыр өткен Ұлттық Құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «23 сәуір – Ұлттық Кітап күні» деп белгіленді. Ал биыл тұңғыш рет атап өтіліп, қазақ әдебиетіндегі танымал 100 кітапты таңдау сауалнамасы басталды.
Мақсаты:
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәріптеу, кітап басып шығару ісін жетілдіру және кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттыру арқылы санасы сәулелі, ұлттық рухы жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Биыл Ел болып 180 жылдығын атап өтіп жатқан Хәкім Абайша айтсақ «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге».