news
ШЕМОНАЙХАДАН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ КЕЛДІ

Құрметті Әріптестерімізді қуана қарсы алып, ықыласпен рухани қызмет көрсеттік!

Әрине, жүздесу барысын кітап ордамызға танымдық саяхат жасаудан бастадық. Заманауи жобаларымыз бойынша жүзеге асырылған жаңашылдықтарымызды көрсеттік.

 «ТехноШЕБЕР» 3D басып шығару орталығының жаңашыл техникалық құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу үрдісімен таныстырдық.

 «BalaDARUN» анимациялық студиясында мультфильм түсірудің қыр-сыры туралы әңгімелеп, суреттерге қалай «жан бітіруге» болатынын да әріптестеріміз қызығушылықпен тамашалады.

 VR КиізҮйімізде сан тақырыптарда жасаған көріністерді тамашалады.

 AR көрмелеріміз бен рухани қорларымыздың берері де көп болды.

 Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе Жасанды Интеллекті пайдалану бойынша шеберлік сыныбын өткіздік. Әріптестеріміз бұл кәсіби дәрісте кітапхана қызметінде, https://bokeylibrary.kz/ веп сайтында,

bokeyMobil қосымшасындағы чат-ботта және каталог жасауда Жасанды Интеллекті пайдаланудың қыр-сырын үйренді.

Мұндай ынтымақтастық жүздесулер өңірлік кітапханаларды жан-жақты дамытуға және бұқараға қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ықпал етеді үміттенеміз.

Жаңалықтар
Контактілер