Кітапхана туралы
Бүгін біздің қонақтарымыз «Baby Time» білім беру орталығының бүлдіршіндері болды. Балалар Балалар бөлімімен, қазақтың ұлттық бас киімдері көрмесімен және VR-күймесімен танысты.
Қазақ халқының мәдениетімен танысу тақырыбын жалғастыра отырып, оларға қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы айтылды: оюлардың қандай түрлері бар, олардың тек кесте мен тоқымашылықта ғана емес, сонымен қатар ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, киім-кешек, кілем, ыдыс-аяқ әшекейлеуде қолданылатыны түсіндірілді.
Содан кейін балаларға «Бата», «Көрімдік» және «Сүйінші» сияқты салт-дәстүрлер туралы әңгімелеп берілді.
Әңгіме соңында балалар қағаздан қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қиып жасады.