Кітапхана туралы







13 қараша күні Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақстанның Халық партиясы» филиалымен бірлесе отырып, қазақтың көрнекті ғалымы, шығыстанушысы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған шара өтті.
Іс-шараға Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты — ғалымның рухына тағзым ету және оның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау.
Қонақтарға «Шоқан Уәлиханов – ғалым, зерттеуші, ағартушы» атты интерактивті кітап көрмесі ұсынылып, деректі фильм көрсетілді, сондай-ақ зерттеушінің өмірі, саяхаттары мен еңбектері туралы әңгіме жүргізілді. Бағдарлама танымдық викторинамен аяқталды.
Шара жылы атмосферада өтті және қазақ халқының ұлы перзентінің есімін, оның ғылымға сіңірген өлшеусіз еңбегін тағы бір мәрте еске салды.
Кітапхана барша оқырманды көрмеге келіп, Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған тақырыптық іс-шараларға қатысуға шақырады.