Кітапхана туралы




Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада №18 мектептің 6-сынып оқушыларына арналған ерекше танымдық шара өтті.
Шара барысында оқушылармен бірге қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкейдің «Қамшыгер» әңгімесі талқыланды. Филология ғылымдарының кандидаты Құралай Қайырбаеваның осы шығармаға арнап құрастырған сөздігі пайдаланылды. Оқушыларға мәтінде кездесетін көнерген сөздердің мағынасы түсіндіріліп, жазушының тіл байлығы мен көркемдік ерекшелігі туралы әңгіме өрбіді.
Кітапхана қызметкерлері әңгіме желісін жаңа қырынан таныстыру мақсатында жасанды интеллект (AI) технологияларын қолданды. Бұл тәсіл кездесуді әсерлі әрі заманауи форматта өткізуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар нейрожелілермен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде үйреніп, шығармашылық қиялдарын дамытты. Оқушылар алдымен қамшының суретін салып, кейін оған “жан бітіріп”, өз ойларына сай бейнелерді анимациялады. Осы арқылы олар Оралхан Бөкейдің шығармасындағы терең ой мен ұлттық рухты заманауи көзқараспен ұштастыра білді.
Құрметті оқырмандар!
Жаңа технологияларды меңгеріп, әдебиет әлемін тың қырынан тануға мүмкіндік беретін біздің кітапхананың есігі сіздер үшін әрдайым ашық!