news
Ерекше Ерлік сабағы өткізілді

Кітапханамызда ҚР ІІМ ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жас қызметкерлері мен Өскемен экономика және техника колледжі студенттері үшін Ерлік сабағы өткізілді. Аталмыш шара қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болған полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналды. 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында лаңкестік әрекет орын алып, бірнеше қала тұрғындары мен құқық қорғау қызметкерлері оқ жарақатынан о дүниелік болған еді. Лаңкестің қылмыстық әрекеттерін тойтару кезінде, оның қолындағы гранатаны бейбіт халыққа қарай лақтыруға жол бермей, Ғ.Байтасов өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді. Ерлік сабағына қатысқан полиция ардагерлері де жас тәртіп сақшыларына тәлімдік ақыл-кеңестерін жеткізді. Жасөспірімдер үшін бұл ерекше сабақтың әсері терең болды.

Жаңалықтар
Контактілер