news
Танудың да, шабыттанудың да уақыты келді!

Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада «Кітапхана – қарттарның интеллектуалдық дамуының орталығы» жобасы аясында танымдық әрі шабыттандыратын іс-шара өтті.

Қатысушыларымыз өздерін әртүрлі бағыттарда сынап көрді:
✨ есте сақтау мен зейінді дамытатын нейрожаттығулар жасады;
✨ COMICS CLUB үйірмесінде манга стилінде қол салуды үйренді;
✨ ауызекі тілді тәжірибелеуге мүмкіндік берген «Кел, сөйлесейік» қазақ тілі сабағына қатысты.

Мұндай кездесулер шығармашылық қабілеттерді дамытуға, когнитивтік дағдыларды нығайтуға және бір-бірімен жылы қарым-қатынас арқылы ләззат алуға көмектеседі.
Қатысушыларымыздың белсенді, ынталы және жаңаға ұмтылуы бізді қуантады!

Жаңалықтар
Контактілер