news
Теңге тарихына саяхат: жас оқырмандарға арналған көрме

ШҚО Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушылары мен Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 3-сынып бүлдіршіндері кітапханадағы “Төл теңгемді мақтан тұтамын!” атты көрмемен танысты.

Көрмеде балаларға Алтын Орда дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін шығарылған көне және заманауи тиындар ұсынылды.

Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында жасалатын бірегей тиындар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Келушілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, арада ашық диалог орнады.

Сондай-ақ шара барысында балаларға кітапхананың жаңартылған, автоматтандырылған жүйесі таныстырылып, кітап әлемімен дос болуға шақырылды.

Құрметті, жас достар, сіздерді келесі мекенжайда күтеміз.
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Байланыс нөмірі: +7 7778550705
8(7232) 25-17-70

Жаңалықтар
Контактілер