news
АЙЗАТ БІЗДІ ҚУАНТТЫ!

Бүгін қазақ әдебиеті қорына тағы бір керемет кітап қосылды!

Жерлесіміз АЙЗАТ РАҚЫШТЫҢ «ОЯНҒАН АҢЫЗ» атты жаңа кітабының тұсауын кестік.

Салтанатты рәсімнен кейін жаңа жинаққа енген шығармалары және жас ұрпаққа берер тағылымы хақында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрдық.

Кітапқа жазушының соңғы жылдары жазған хикаяттары мен әңгімелері енген екен. Солардың ішінде Алтай мен Күршім аңыздары арқау болған «АЛТАЙ АНА ҚҰШАҒЫНДА» және «ОЯНҒАН АҢЫЗ» атты шығармаларын жазу барысы туралы айтқан жазушының әңгімесі де әсерлі болды.

Өз кезегінде жиналған қауым да сан сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін бөлісті.

Күршім ауданының Жиделі ауылынан шыққан жазушы, ұстаз, драмашы, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық Қазақ ПЕН клубының мүшесі АЙЗАТ РАҚЫШ – тоғыз (9) кітаптың авторы.

"Өлгендер қайтып келеді", "Мұз үстіндегі қызғалдақ", "Жанарымнан танышы", "Балалықтың соңғы күзі" және т.б. көркем шығармаларымен бұқараның ықыласына бөленген қаламы қанатты қаламгер.

Сонымен бірге, «Әндей әдемі Әлібек әлемі» атты сыни жинақ шығарып, тағы бір қырымен қуантқан дарынды жерлесімізге шабытты шығармашылық тілейміз!.

Құрметті Жерлестер!

Айзат Рақыштың жақында жарыққа шыққан «Оянған аңыз» және басқа да кітаптарын біздің Оралхан Бөкей атындағы кітапханадан алып оқуды ұсынамыз!

Хабарласыңыздар!

+7 7778550705,

8(7232) 25-17-70

Келіңіздер:

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жазылыңыздар, көріңіздер:

Жаңалықтар
Контактілер