news
Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Unreal Engine платформасында компьютерлік ойындар жасау курсы өтіп жатыр!

Өз 3D әлеміңізді құрып, кейіпкерлерді басқарып, нағыз ойын жобаларын жасауды үйренгіңіз келе ме?
Онда сізді Unreal Engine бойынша өтетін курсқа қатысуға шақырамыз!

Курс қазірдің өзінде жүріп жатыр, ал қатысушылар геймдизайн әлеміне алғашқы қадамдарын жасады:
— қозғалтқыштың негізгі құралдарын меңгеріп жатыр,
— алғашқы көріністерін құрастыруда,
— визуалды бағдарламалау мен ойын логикасының негіздерін үйренуде,
— шынайы ойын деңгейлерін жасауға талпынып жатыр.

📌 Кез келген уақытта қосыла аласыз!
Геймдев саласын байқап көргісі келетін әрбір адамды — тәжірибесіне де, жасына да қарамастан — қуана қарсы аламыз.

📍 Өтетін орны: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
🕒 WhatsApp: +7 777 704 6320

Егер өз ойыныңды жасап көргің келсе — дәл қазір бастайтын ең дұрыс уақыт!
Unreal Engine курсына қош келдіңіз!

Жаңалықтар
Контактілер