Кітапхана туралы
ЖАСТАР ҮШІН – ҒЫЛЫМ ОРТАЛЫҒЫ!







Бізде жақсы жаңалық!
Қазақстанның ядролық қоғамы жанындағы Атом технологиялары ақпараттық орталығының директоры Алиев Сеит Абеуханұлы және Ресейдің Томбы политехникалық университетінің өкілдері кітапханамызға келді.
Ұсыныстары: жас ұрпақты ғылымға тарту бағытында кітапханамызбен ынтымақтаса жұмыс істеу.
Меймандар заманауи жобаларымызбен және сандық үлгідегі технологиямызбен танысты. VR студиямыздың жаңа бағдарламасы, түрлі IT-курстар мен шығармашылық шеберханаларымыздың жұмысын жоғары бағалады.
Сонымен бірге, кітапхана-бөлімшелеріміздің жаңашыл жобалары бойынша жүзеге асырған игілікті істерімізді де көрсеттік. Атап айтқанда: Экологияны зерттеп-зерделейтін және танымдық тәжірибелер жасайтын интерактивті алаң, зертханадағы заманауи құрал-жабдықтар және болашақ инженер-робототехник балалардың жаңашыл іс-тәжірибелері меймандардың көңілінен шықты.
"Біз кітапхананың технологиялық және білім беру бағытындағы мүмкіндіктерін көріп, риза болдық. Біздің күткенімізден әлдеқайда жоғары екен. Өскемендік жастарды ядролық технология саласына тарту үшін ғылыми-танымдық орталық құру бағытында Оралхан Бөкей кітапханасымен бірге белсенді жұмыс істей алатынымызға сенімдіміз, - деді «Атом технологиялары ақпараттық орталығының» директоры Алиев Сеит Абеуханұлы.
Жақында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, жастарды ғылымға тарту мақсатындағы жаңа жобамызды бастаймыз деп үміттенеміз!
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов