news
Шығармашылық әлеміне қош келдіңіздер: кітапханадағы сурет салу курстарына шақырамыз!

Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана-да балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған сурет салу курстары басталады!

Бұл – әр адам өз шығармашылық қабілетін дамыта алатын ерекше орта. Қатысушылар жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарамастан, кәсіби бағыт-бағдар ала отырып, өнер әлеміне қадам басады.

🖌 Бізде нені үйренуге болады?

Дәстүрлі сурет салу:

  • гуашьпен жұмыс
  • акварель техникасы
  • композиция негіздері
  • түс пен жарық-көлеңке үйлесімі
  • пейзаж, натюрморт, портрет салу

Қатысушылар бейненің пішінін дәл беруді, түстер арқылы көңіл күйді жеткізуді және бейнелеу өнерінің классикалық негіздерін меңгереді.

Цифрлық сурет салу:

  • графикалық планшетпен жұмыс
  • digital-иллюстрация негіздері
  • кейіпкер жасау
  • суреттерді өңдеу
  • заманауи графикалық бағдарламалармен танысу

Бұл бағыт заманауи технологияларды игеріп, жеке портфолио қалыптастыруға және цифрлық өнер саласында алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.


Біздің курстар:

  • қиялды дамытады
  • эстетикалық талғамды қалыптастырады
  • шығармашылық ойлауды жетілдіреді

🎨 Өнер әлемі алғашқы штрихтан басталады!

Баршаңызды сурет салу курстарына қатысуға шақырамыз.
Орын саны шектеулі — алдын ала тіркелуге асығыңыз!

Жаңалықтар
Контактілер