ТҰЛПАРҒА ТАБЫНАР ҚАЗАҚҚА – ЖАҢА КІТАП!

Ұланғайыр далада қазақтың қанаты болған жылқыны халқымыз қадым заманнан жырлап келеді. Әлі де жазылуда, жазыла да береді.
Ал біздің кітапхана қорына қосылған жаңа кітаптың жөні бөлек!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «ҚАЗАҚ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӨМІРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРКЕМ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАНУЫ» деп аталатын ұжымдық монографиясынан тұлпардың түп-тұқияны туралы толымды ақпар аласыздар!
«ҚАЗАҚ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӨМІРІ - ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЖЫЛҚЫНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ» атты 1-бөлімінде көшпенділер өркениетінің қалыптасуы және дамуы, мәдениеті мен тарихы, қазақ даласындағы отырықшыландыру саясаты, қазақ өміріндегі жылқы культі, жылқының адам денсаулығына емдік әсері (иппотерапия) туралы егжей-тегжейлі жазылған. Сонымен бірге, қазақ прозасы, киносы, сурет және мүсін, ән-күй және би өнеріндегі жылқы тақырыбы да жан-жақты талданған.
«ҚАЗАҚ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӨМІРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ РӨЛІНІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІГІ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ» атты 2-бөлімінде фольклор, проза және поэзиядағы жылқы тақырыбына талдау жасалған. Сонымен бірге, қазақтың арғы аталары сақ, ғұн, түрік пен қыпшақтың адамзат тарихында тұңғыш жабайы жылқыларды қалай қолға үйретіп, пайдаланғаны хақында және т.б. қызықты да құнды деректерге куә боласыздар.
Деректі-танымдық ғылыми еңбектің жауапты редакторы – Г.С.Асқаров, редакциялық алқасы – С.Асылбекұлы, А.Тамаев.
ТҰЛПАР ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАПТЫ БІЗДІҢ КІТАП ОРДАМЫЗДАН АЛЫП ОҚУДЫ ҰСЫНАМЫЗ!
Хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83

Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов