КУРСАНТТАР – КІТАПХАНАДА


Ұрпаққа ұлағат болар қазақ батырлары туралы тәрбиелік-тағылымдық шаралар өткізу кітапханамыздың дәстүрі. Осы орайда бүгін Төтенше жағдай министрлігінің Өскемендегі дайындық орталығы курсанттарының қатысуымен халқымыздың қаһарман ұлы, әлемдік деңгейде аңыз адамға айналған Бауыржан Момышұлы туралы танымдық дәріс өткіздік. Батырдың екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі, еліміздегі қызметі және шығармашылық жолы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп бердік. Осыдан кейін курсант жастар ұлтымыздың ұлы тұлғасы туралы деректі фильмдер көрді.
Другие новости
6 мамыр 2025

«Мәдениет және Өнер саласы мекемелерінің қызм...
ШҚО Мәдениет басқармасы және ШҚО Кітапханашылар қауымдастығымәдениет және өнер саласы мекемелерінің...
6 мамыр 2025

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІ...
Ұлттың ұлы ұстазы, хакім Абайдың 180 жылдығына орай тағылымды шара өтті. Кітапхана төрінде “Абай...
6 мамыр 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП, ҚУАНТТЫ
«КЕЛ, СӨЙЛЕСЕЙІК!» қазақ тілін үйрету клубына қатысушы өзге ұлт өкілдері кезекті QUIZ байқауында...
Новости филиалов