Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердікбек Соқпақбаевқа 100 жыл!

Кітапханамызда жазушының 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемді кітап көрмесі және фотогалерея ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін, 2024 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалып алынған қазақ әдебиетіне өзгеше соқпақ салған көрнекті жазушы - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларын ел болып оқуға ұсыну. Сондай-ақ көрмеге келген оқушылармен жазушының 1957 жылы жазылып, 1963 кино-картина болып экранан көрерменге жол тартқан фильмі «Менің атым Қожа» повесін талдадық. Қожаның бала қылықтары көрермен назарына күлкі сыйлайды, кітапханамызға келген кішкентай қонақтарымызбен фильм жайлы тест сұрақтарына да жауап бердік. «Менің атым Қожа» повесі – мектеп оқушысынан бастап қолға немесе көзге түсе қалса жасы ересек тартқан оқырмандардың өзі көзін сүзбей кете алмайтын тартымдылығымен танымал шығарма. Бүгінгі жас оқырманды Б.Соқпақбаев кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен қарапайым ауыл баласы өмірінің сан қилы қызықтарына бірге шомып кететінімізді айта кетуіміз керек.

Құрметті оқырман біз сіздерді кітапханамызда күтеміз. Таңдамалы туындыларды бірге оқиық.

Новости филиалов