Мұғалімдер заманауи кітапхананың жұмысымен танысты.
Рухани ордамызға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 мектеп ұстаздары келді. Күзгі демалыста тіпті ұстаздар да жаңашылдыққа ұмтылып, заманауи кітапхана жұмысымен танысуға құлшыныс білдірді. Кітапхана мұғалімдермен бірге түрлі формалар мен әдістемелік тәсілдерді, педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолданып өздеріне керек білімді ала білді. Білім беру ресурстары мен кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін бірлескен бағдарламалар да жасалған. Алдымен ұстаздар назарын, жылжымалы көрмеге аудардық. Саяхат барысында қаламыздың бүгінгі және өткен көрінісі бейнеленген “Өзгерген Өскемен” атты көрмесін ұсындық. Арнайы VR көзілдірік пен қашықтықтан мұражайды көрсеттік. Ұстаздар тек тамашалап ғана қоймай, ұлттық ойындарға да тоқталып, бір сергіп алды. Әр пән мұғалімдері, кітапхана бөлімдерінен өздеріне керекті жаңа мағұлмат ала білді. Кітапхана жұмысы қосымша білім берумен де және арнайы мамандардың дамытушы ойындарымен ұстаздар назарында ерекшеленіп қалды. Негізгі мақсат- жаңа дүниемен бөлісу. Қазіргі компьютерлік технологиялар қарқынды дамыған заманда кітап пен оқуды насихаттау қиын. Сондықтан да жас ұрпаққа әсер етудің ерекше тәсілдері мен формаларын, балаларды кітапқа тартудың дәстүрлі емес әдістерін қарастырудың маңыздылығы арта түсуде. Білім беру процесін ақпараттандыру кітапханамен тиімді жұмыс істеу үшін жаңа технологиялар мен бағдарламалық құралдарды пайдалануды талап етеді.
Ұстаз бен кітапхана оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыратын алтын көпір!