Кітапхана туралы
БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢДАР!
Жас мөлшерлерің 7 – 14 жас аралығында ма?
Солай болса, біздің қызықты шығарма жазу байқауымызға қатысуға шақырамыз!.
Тақырыбы: «Жаңа Жылдағы менің қызықты оқиғаларым!» деп аталады.
Байқау мерзімі: 2024 жылдың 20 қарашадан 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін
Жаңа Жылға қалай дайындалдыңдар, мейрамды қайда және кімдермен қарсы алдыңдар, Ата-Аналарыңа, Туыстарыңа қандай өнер көрсеттіңдер, қандай тілек айттыңдар, сыйлық алдыңдар ма, және қандай қызықты оқиғаларға куә болдыңдар, Жаңа Жылан Жылында қандай ой-мақсаттарыңның орындалғанын армандайсыңдар?
Осы сұрақтар бойынша және өз қиялдарыңмен әдемі әңгіме жазып, біздің байқауға жолдаңдар!
ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ "МЕНІҢ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫМ!"
атты шығарма жазудан балаларға арналған әдеби байқау
Ұйымдастырушы: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Байқаудың өтетін мерзімі: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан
2025 жылдың 5 қаңтарына дейін
Қатысушылардың жас мөлшері: 7 жастан 14 жасқа дейін
Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру;
Жазу сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорын байыту;Ойлау және қиялдау қабілетін арттыру;
Отбасы құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Шығарманы жазуға көмек:
- Жаңа жылға қалай және кіммен бірге дайындалдың?
- Жаңа жылды қандай жетістіктеріңмен қарсы алдың? (сабақты үздік оқу, үлгілі оқушы болу, түрлі байқауларда жеңімпаз болу, Ата-Анаға қолқанат болып қуанту және т.б.)
-Жаңа жылда қандай қызықты оқиғалар болды?
-Кімдерді және немен қуанттың, кітап сыйладың ба?
-Қандай сыйлықтар алдың?
-Ата - Анаңа, немесе туыстарға қандай тілектер айттың?
Жаңа Жылан Жылында қандай ой-мақсаттарыңның орындалғанын армандайсың?
Осы сауалдар бойынша және өзіңнің басқа да арман -қиялдарыңмен жаңа жылдық қызықты әңгіме жазып, байқауға жолда!
Шығарма қалай жазылуы керек:
– Оқиғалары қызықты болғаны жөн.
– Әріп және тыныс белгілері қателері болмауы тиіс.
– Сөйлемдер дұрыс құрастырылғаны абзал.
- Жазған шығармаларды электронды поштамызға жолдау: _______.
- Жазба түрінде, немесе флешка арқылы кітапханамызға әкеліп тапсыруға да болады.
Марапаттау: 2025 жылы, 8 қаңтарда, сағат 11:00-де
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Түсінбеген тұстар болса, хабарласыңдар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Другие новости
23 маусым 2025

Жасанды Интеллекті үйренді«Мемлекеттік Қызмет...
Жасанды Интеллекті үйренді«Мемлекеттік Қызметшілер күні» кітапханамызға келген «Өскемен қаласының...
20 маусым 2025

«ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ...
Дәстүрлі жазғы байқау өткізу барысымен танысыңыздар! ЕРЕЖЕ Ұйымдастырушылар: Өскемен қаласының...
19 маусым 2025

«EСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауын...
ӨСКЕМЕНДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛЕ МЕ? «ЭСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз! ЕРЕЖЕ...
Новости филиалов