Кітапхана туралы
«БІЗ – ӨНЕРЛІМІЗ!»











Отанымыздың Тәуелсіздігі күні қарсаңында «БІЗ – ӨНЕРЛІМІЗ!» атты инклюзивті шығармашылық фестивалін өткіздік.
«Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен ынтымақтаса ұйымдастырған өнер күнінде «ерекше» ұл - қыздарымыз шебер қолдарымен жасаған қолөнер туындыларымен таңқалдырды.
Ел Тәуелсіздігі күніне арнаған өнер шашулары да бай болды.
Отан, Ел мен Жер туралы ән әуелетіп, поэзия оқыды, би биледі. Осылайша, өздерінің жан-жақты өнерлерін көрсетіп, тәнті етті.
Фестиваль мәресінде қатысушылардың барлығын жеңімпаз деп жариялап, кітапханамыздың «Алғыс хаты» және сыйлықтарымен марапаттадық.
Қамкөңіл жастардың жанын жадыратып, болашаққа ынталандырған "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» ММ ұжымына алғыс айтамыз!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов