Кітапхана туралы
Жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына – 110 жыл
10 қаңтар - қайталанбас бірегей жазушы Ілияс Есенберлиннің дүниеге келген күні.
Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет тарлан тарихымызға терең бойлап, Абылай, Кенесары, Керей, Жәнібек секілді қаһарман Қазақ Хандарын дәріптеген классик жазушының 110 жылдығы. Осыған орай ұйымдастырылған «Қазақ Хандарын халқымен қауыштырған» атты кітап көрмемізге шақырамыз!
Сонымен бірге, «Жазушы шығармалары – көркем фильмде» атты кино-дәрісте кітап ордамыздың үлкен экранды кинозалында: «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Қазақ Хандығы» көркем фильмдерін көрсетеміз! Ата-Бабамыздың Ел Тәуелсіздігі жолындағы жанқиярлық күресі мен ерлігіне куә болыңыздар!
Әрине, Ілияс Есенберлиннің тарихи кітаптарын алып, оқуды да ұсынамыз!
Шараға 9:00-ден 18:00-ге дейін қалаған уақыттарыңызда келулеріңізге болады!
Мектеп сыныптары болып келуге де болады.
Қуана қарсы алып, рухани қызмет көрсетуге әрқашанда дайынбыз!
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов