Жеңістің 80 жылдығына орай «МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ БАТЫРЫ» атты облыстық байқауға қатысуға шақырамыз!
13 жастан 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар қатысуларына болады.
Өзің тұратын ауылда, немесе қалада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен ардагер Аталар мен Әжелер бар ма? Немесе, өз Атаң мен Әжең бар болар? Олар туралы шығармашылық зерттеу жүргізіп, 2025 жылдың 5 ақпанынан 10 мамырға дейін байқауға жолда!
ЕРЕЖЕ
Байқау мерзімі: 2025 жыл, 5 ақпан – 10 мамыр
Қатысушылар: ШҚО мектептерінің 13-18 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Мақсаты:
• 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен шығысқазақстандық Ардагерлер туралы деректерді зерттеу, насихаттау және дәріптеу.
• Тарихты зерделеуге тарту арқылы жас ұрпақты Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарды білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Тапсырма:
Балалар, өздерің тұратын өңірдегі (ауыл, аудан, қала) Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, немесе тылда еңбек еткен Ардагерлер туралы деректер жинап, зерттеңдер.
Кітапхана, Мұрағат, Мұражайдағы мәліметтерді де пайдалануға болады.
Соғыс Ардагері болса:
- аты-жөні
- қай жерде өмірге келгені
- қашан және қай жерде соғысқа аттанғаны
- майданда жүріп өткен жолын GOOGLE карта арқылы көрсетіңдер
- марапаттары, орден-медальдары
- майданда пайдаланған бұйымдары, үшбұрышты хаттары
- қашан және қай ауылға оралғаны
- Жеңісті қай жерде қарсы алғаны
- соғыстан кейін қайда еңбек еткені
- отбасы, ұрпағы
- қашан қайтыс болғаны
- тірі болса, неше жаста және қайда тұратындығы т.б. туралы мәліметтер болу керек.
Тыл Ардагері болса:
- қай жерде өмірге келгені
- қай жерде және қандай жұмыс істегені
- марапаттары, орден-медальдары
- Жеңісті қай жерде қарсы алғаны
- қазір неше жаста екені
- тұратын мекенжайы
- отбасы, ұрпағы
-немесе, қашан қайтыс болғаны туралы және т.б. мәліметтер толыққанды зерттелгені абзал.
Ардагерден, Туыстарынан, немесе Немерелерінен сұқбат алуды ұсынамыз.
Отбасы мұрағатындағы фотосуреттері, құжаттары, бейнематериалдарды (видео) пайдаланыңдар.
Көркем шығарма да жазуларың керек.
Зерттеу жұмысының ұзақтығы 20 минуттан аспауы керек.
Төмендегі технология тәсілдерінің
өздерің қалаған түрімен жасауға болады
- Жасанды интеллект (ИИ)
- Анимациялық слайд-шоу
- 3d анимация (Blender ПО арқылы 3d кескіндеу және т.б.)
- Қашықтағы шынайылық : VR 360(360- градустық видео)
- Motion Graphics (графиканы пайдаланып видео түсіру)
- Жасаған бейне-роликті таныстыру мәтінін (Word) бірге ұсыну керек.
Шығармашылық жұмыстарыңды #Жеңіс80меніңөлкемніңбатырыбайқауы#оralkanbokeykitaphanasy# хештегімен ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдаңдар.
Құнды зерттеу жұмыстарды кітапханамыздың әлеуметтік желілерінде жариялаймыз.
Мектептерде тарих сабағында пайдалануға ұсынамыз.
Мұражай, Мұрағат және Кітапханалар қорына қосуды да жоспарлаудамыз.
Біздің сайтымызға және әлеуметтік желілерімізге жазылып, зерттеулеріңнің жариялануын бақылап жүріңдер.
https://bokeylibrary.kz
https://www.facebook.com/groups/ukcbs/
https://www.instagram.com/bokeykitaphanasy/
Нақты жазыңдар:
аты-жөні
туған күні, жылы
тұратын мекенжайы
мектебі, сыныбы
электрондық мекенжайы
телефон нөмірі
Байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 5 ақпанында басталып, 10 мамырда аяқталады.
Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
2025 жылы, 15 мамырда – Өскемен қаласы Әкімінің Дипломы және сыйлықтарымен марапаттаймыз.
Жобаны қалай жасау керектігі туралы
ақыл-кеңес керек болса, хабарласыңдар!
77081469793 (whatsapp) – Данил Кузютин, IT маман
+77054157368 (whatsapp) – Әсел Омарова, «Жарнама және маркетинг» бөлімі
+8 (7232) 25-17-70 – Қызмет көрсету бөлімі
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы, директордың орынбасары
Мекенжайымыз:
ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22