Кітапхана туралы





№3 Шоқан Уалиханов атындағы мектепте кітапхана мамандары қонақта болды. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтті. Біздің bokey mobile қосымшасын таныстырып, балаларға курстарымыз жайлы толық түсіндірме бердік.
Іс-шара барысында бір мезетте 25 бала қосымшамызды жүктеп, жаңа білім әлеміне есік ашты. Сонымен қатар, VR көзілдірікпен ойнап, виртуалды әлемнің қызықты сәттерін тамашалады. Бұл – болашақтың Smart балалары үшін технология мен шығармашылықтың үйлесімі!
Алдағы уақытта да осындай шабыттандыратын іс-шараларымызды жалғастыруға асығамыз.