Кітапхана туралы
БАЛАЛАР, СЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ!
Жеңістің 80 жылдығына орай «МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ БАТЫРЫ» атты облыстық байқауға қатысуға шақырамыз!
13 жастан 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар қатысуларына болады.
Өзің тұратын ауылда, немесе қалада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен ардагер Аталар мен Әжелер бар ма? Немесе, өз Атаң мен Әжең бар болар? Олар туралы шығармашылық зерттеу жүргізіп, 2025 жылдың 5 ақпанынан 10 мамырға дейін байқауға жолда!
Ол үшін алдымен Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың https://bokeylibrary.kz/ сайтында жарияланған байқау Ережесімен жақсылап танысып алуды ұсынамыз!
Байқауға қатысуға асығыңдар! Туған өлкеміздің Батырларын бірге дәріптейік!
Жобаны жасауға көмек керек пе, хабарласыңдар!
+ 77081469793 (whatsapp) – Данил Кузютин, IT маман
+77054157368 (whatsapp) – Әсел Омарова, «Жарнама және маркетинг» бөлімі
+8 (7232) 25-17-70 – Қызмет көрсету бөлімі
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы, директордың орынбасары
Мекенжайымыз:
Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Байқау мерзімі:
2025 жыл, 5 ақпан – 10 мамыр
Қатысушылар:
ШҚО мектептерінің 13-18 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Мақсаты:
Тапсырма:
Соғыс Ардагері болса:
- аты-жөні
- қай жерде өмірге келгені
- қашан және қай жерде соғысқа аттанғаны
- майданда жүріп өткен жолын GOOGLE карта арқылы көрсетіңдер
- марапаттары, орден-медальдары
- майданда пайдаланған бұйымдары, үшбұрышты хаттары
- қашан және қай ауылға оралғаны
- Жеңісті қай жерде қарсы алғаны
- соғыстан кейін қайда еңбек еткені
- отбасы, ұрпағы
- қашан қайтыс болғаны
- тірі болса, неше жаста және қайда тұратындығы т.б. туралы мәліметтер болу керек.
- қай жерде өмірге келгені
- қай жерде және қандай жұмыс істегені
- марапаттары, орден-медальдары
- Жеңісті қай жерде қарсы алғаны
- қазір неше жаста екені
- тұратын мекенжайы
- отбасы, ұрпағы
-немесе, қашан қайтыс болғаны туралы және т.б. мәліметтер толыққанды зерттелгені абзал.
Төмендегі технология тәсілдерінің
өздерің қалаған түрімен жасауға болады
Шығармашылық жұмыстарыңды #Жеңіс80меніңөлкемніңбатырыбайқауы#оralkanbokeykitaphanasy# хештегімен ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдаңдар.
Біздің сайтымызға және әлеуметтік желілерімізге жазылып, зерттеулеріңнің жариялануын бақылап жүріңдер.
Нақты жазыңдар:
Байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 5 ақпанында басталып, 10 мамырда аяқталады.
Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
2025 жылы, 15 мамырда – Өскемен қаласы Әкімінің Дипломы және сыйлықтарымен марапаттаймыз.
Жобаны қалай жасау керектігі туралы
ақыл-кеңес керек болса, хабарласыңдар!
+ 77081469793 (whatsapp) – Данил Кузютин, IT маман
+77054157368 (whatsapp) – Әсел Омарова, «Жарнама және маркетинг» бөлімі
+8 (7232) 25-17-70 – Қызмет көрсету бөлімі
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы, директордың орынбасары
Мекенжайымыз:
ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22