Кітапхана туралы
Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл!















Қазақ өнерінің көгінен мәңгі жарқырап өшпес жарық шашқан, күйдің бұлбұлы, әннің мәуелі бәйтерегі – Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Осы атаулы мерейтой аясында ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық колледж студенттері кітапханамыздың қонағы болды.
Студенттерге кітапхана қызметкері рухани ордамыздың тарихымен таныстырып, кең көлемде экскурсия жүргізді. “Аққуды көлге қондырған” атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Бұл көрме Нұр ағаның сырлы әлеміне саяхат болды. Онда композитордың қас-қағым сәтте жүректен құйылып, ел жүрегінен мәңгі орын алған шығармалары, өмірінің жарқын сәттері суреттермен көрініс тапты. Ал қасиетті қара домбыра – Нұр ағаның үнсіз қалғанымен, әлі күнге сыр шертіп тұрған ұлы мұрасы іспетті.
Шара барысында студенттер қазақ музыкасының заңғар биігіне айналған тұлғаның шығармашылық жолына үңілді. Кітапхана қызметкері оның ғұмырының әр белесін жүрекке жеткізе әңгімелеп, әндерінің шығу тарихын баяндады. Күйдің жасығы емес, асылы болған Тілендиев мұрасы фотосуреттермен әрленіп, студенттерге ерекше әсер сыйлады.
Танымдық кеш одан әрі ұлы композитордың мәңгі өлмес күйлерімен жалғасын тапты. Өнерсүйер жастар қолдарына домбыра алып, “Аққу” мен “Әлқисса” күйлерін орындағанда, зал ішін сырлы әуен тербетіп, саз қанатындағы аққулар қалықтап ұшқандай күй кештік. Ал кештің соңында жиналған қауым Нұрғиса Тілендиевтің ел жадында мәңгі қалған “Құстар әнін” қосыла шырқап, шараны ерекше рухпен аяқтады.
Бұл кеш – тек естелік емес, бір дәуірдің үнін қайта тірілткен, қазақ музыкасының қарашаңырағын тағы бір мәрте асқақтатқан тағылымды басқосу болды. Нұрғиса Тілендиевтің күйі де, әні де – қазақтың мәңгілік мұрасы!
Другие новости
23 маусым 2025

Жасанды Интеллекті үйренді«Мемлекеттік Қызмет...
Жасанды Интеллекті үйренді«Мемлекеттік Қызметшілер күні» кітапханамызға келген «Өскемен қаласының...
20 маусым 2025

«ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ...
Дәстүрлі жазғы байқау өткізу барысымен танысыңыздар! ЕРЕЖЕ Ұйымдастырушылар: Өскемен қаласының...
19 маусым 2025

«EСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауын...
ӨСКЕМЕНДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛЕ МЕ? «ЭСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз! ЕРЕЖЕ...
Новости филиалов