Кітапхана туралы
ҰСТАЗ ӘНУАР НӘСІР БАЛАЛАРДЫ ТАҢҚАЛДЫРДЫ!








Ұстаз болсаң – ӘНУАР НӘСІРДЕЙ бол!
Иә, шынында да Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі ӘНУАР НӘСІР кітапханамызда өткізген «КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ» ФИЗИКА» атты ғылыми-танымдық тәжірибелік шарасы ерекше қызықты өтті.
«Ғылым күніне» орай ұйымдастырылған шараға облыстық дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» лицейінің оқушылары қатысты.
«Үйіміздігі шамшырақ қалай сәуле шашады», «шәугімдегі шайымыз қалай қайнайды», «үтігіміз қалай тез қызады», «теледидар қалай көрсетеді», «көліктегі сақтық жастықшасы апат кезінде адамды өлімнен қалай сақтап қалады» деген сияқты күнделікті тұрмыстық жағдайымызда қолданылатын физика кереметтерін ұстаз ӘНУАР НӘСІР тәжірибе түрінде көрсете отырып, түсіндіріп берді.
Балалардың күнделікті өзіміз қолданатын физиканың қыр-сырына қызыққандары сондай, өздері де тәжірибе түрінде жүзеге асырып көрді. Сөйтіп, өздері ашқан жаңалықтарға мәз-мейрам болысты.
Міне, осылайша ұстаз ӘНУАР НӘСІР бір ғана шараның өзінде қаншама баланың физика ғылымына деген ынта-ықыласын арттыра білгеніне біз де таңқалдық.
Ұстаз болсаң - баланың шамшырағын жаға білетін ӘНУАР НӘСІРДЕЙ болғанға не жетсін, шіркін!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов