Кітапхана туралы




Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қабырғасында ерекше бір мағыналы кездесу өтті. Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары «Атлас жаңа мамандықтар картасы» жобасымен танысып, болашаққа байыппен көз тастады.
Жас ізденушілер өз армандары мен кәсіби бағыттары жайлы ойларымен бөлісіп, болашақ мамандық таңдаудың қыр-сырына тереңірек үңілді. Кітапхана ішіндегі тыныш та шабытты ортада олар жаңа ғасырдың тың мамандықтарымен танысып, әр саланың ерекшелігін зерделеді.
Бұл кездесу – жас жүректердің арманын қанаттандырып, олардың өмірлік жолына бағдар болған сәттердің бірі.