АЙЗАТТЫҢ РУХАНИ ҚУАНЫШЫН БӨЛІСТІК

Күршімнің  Жиделі  ауылында өмірге келіп, бүгінгі таңда Алматыда аймағымыздың абыройын асырып жүрген  Жазушы  һәм Ұстаз жерлесіміз РАҚЫШ АЙЗАТ СЕРІКҚЫЗЫ бүгінгі жүздесуге жақында шыққан екі кітабын әкелген екен.

«Жастарымыздың кітап оқуға деген ынтасы артсын» деген  ниетпен ақ сандықтағы  қос  кітаптың тұсауын кесу құрметін   оқуда үздік  атанған  жастарға  ұсындық.

Салтанатты сәттен кейін жазушы Айзатпен  сырлы сұқбатымыз басталды. Өмірдің өзінен алынған өзекті мәселелер туралы  «МЕНІҢ  СУРРОГАТ АНАМ» және «ӘМІРДІҢ МОНОЛОГЫ»  кітаптары хақындағы жас ұрпаққа  берер тағлымы терең әңгімесі қатысушылардың ой-санасын сілкінткендей болды.

 Өскемен жоғары медициналық колледжі, Абай атындағы гуманитарлық колледжі, Қаржы экономикалық колледжі  және Шоқан Уәлиханов атындағы  № 3 мектеп-лицейдің   жастары  өз кезектерінде  көкейлерінде жүрген көп сұрақтарын да қойды.

 Олардың  саналы  сұрақтарына сапалы  жауап берген АЙЗАТ СЕРІКҚЫЗЫ ең  ойлы да мағыналы сауал қойған бойжеткендерге өзінің жаңа кітаптарын тарту етті.

Осылайша, жазушы,  ұстаз, драматург, сыншы,  ҚР Журналистер одағының мүшесі Айзат Рақыштың  ұлтымыз үшін жазған кітаптарының саны қасиетті  жеті (7) санына жетті. 

Қаламыңның  қанаты талмай, Жеті кітабыңды Жетпіске жеткіз, Айзат жерлес!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Өмірдің өзекті мәселелері туралы «МЕНІҢ  СУРРОГАТ АНАМ» және «ӘМІРДІҢ МОНОЛОГЫ»  кітаптарын  біздің  кітап  ордамыздан алып, оқуды ұсынамыз!

Сұраңыздар,  хабарласыңыздар:

8 (7232) 25-17-70

+7 747 212 83 31

+7 707 494 98 83

Келіңіздер, мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов