МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ АПТАЛЫҒЫН БАСТАДЫҚ!

Бүгін кітапханамыз  жастар ордасына айналғандай болды.  Өйткені,  жастарға  мамандық  таңдау бойынша бағыт – бағдар беру апталығын бастадық. Алғашқы   күні  Астанадан  арнайы келген құрметті мейманымыз   –  Қазақстан  ядролық  қоғамдастығының атом технологиясы бойынша ақпараттық  орталығының  директоры  ӘЛИЕВ СЕЙІТ ӘБЕУХАНҰЛЫ  атом  саласына  қажетті мамандықтармен  кеңінен таныстырды.

 Сонымен бірге, «Өскемен қаласының политехникалық колледжі»,  Өскемен технология және сервис колледжі», «Өскемен көпсалалы технология колледжі» және «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» мұғалімдері өздері оқытатын мамандықтар туралы айтып берді.

Осыдан кейін, дәріске қатысқан   № 1,  №3, №10,№11, №16, №17,  №19, №20, №30, №37, №38, №39  қалалық орта  мектептердің  9-10-11 сынып оқушылары көкейлеріндегі  сан сауалдарын  қойды. 

Мамандық таңдау тақырыбы  қызықты болғаны сондай,  жастардың білуге деген белсенділігі де ерекше болуымен  қуантты.  

Биылғы  «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» аясында өткізіп отырған апталығымыз  25 сәуірде аяқталады.

 Егер,  дәрісіміз арқылы  бір  бала  болашақ  мамандығын  таңдаса, біз үшін қуаныш!

Құрметті Ұстаздар және жоғары сынып Оқушылары!

21- 25 сәуір аралығында, сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін  болатын мамандық таңдау шараларына келіп, болашақты бүгіннен бастаңыздар! 

Мектеп, сынып болып қатысуға тапсырыс беруге болады.   

Хабарласыңыздар, қуана сөйлесеміз:

8 (7232) 25-17-70

+7 747 212 83 31

+7 707 494 98 83

Келіңіздер, қуана қарсы аламыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов