АБАЙҒА ТАҒЗЫМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ











Ұлттың ұлы ұстазы, хакім Абайдың 180 жылдығына орай тағылымды шара өтті. Кітапхана төрінде “Абай — дана, Абай — дара” атты мазмұнды кітап көрмесі жасақталып, кемеңгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шерткен құнды дүниелер көрермен назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, Абай рухына құрмет ретінде ескерткіштер тізбегі бейнеленіп, әр ұлттың өкілдері өз ана тілдерінде Абайдың жүрек тебірентер өлеңдерін оқып, оның мұрасын күллі адамзатқа ортақ қазына екенін паш етті.
Бұл – ұлт пен ұлыстың арасындағы рухани үндестіктің, Абай сөзінің шекара асып, жүректерге жол тапқандығының дәлелі. Ұлы ойшылдың өнегелі жолы әлі талай ұрпаққа шамшырақ болары сөзсіз.
Другие новости
6 мамыр 2025

«Мәдениет және Өнер саласы мекемелерінің қызм...
ШҚО Мәдениет басқармасы және ШҚО Кітапханашылар қауымдастығымәдениет және өнер саласы мекемелерінің...
6 мамыр 2025

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІ...
Ұлттың ұлы ұстазы, хакім Абайдың 180 жылдығына орай тағылымды шара өтті. Кітапхана төрінде “Абай...
6 мамыр 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП, ҚУАНТТЫ
«КЕЛ, СӨЙЛЕСЕЙІК!» қазақ тілін үйрету клубына қатысушы өзге ұлт өкілдері кезекті QUIZ байқауында...
Новости филиалов