«ОРАЛХАН ШЫҢЫНАН» – ҚАЗЫНА ТАПТЫҚ!Әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы БАЛТАБАЕВА ГАУХАР САЯДЫЛҚЫЗЫНЫҢ рухани қуанышын бөлістік.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымының кандидаты Бақытжан Келгембаева және филология ғылымының кандидаты, оралхантанушы Құралай Қайырбаева «ОРАЛХАННЫҢ ШЫҢЫ» кітабының тұсауын кесіп, ақ жол тіледі.
Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев және Абайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Айжан Қартаева зерттеу еңбегі туралы ой-пікірлерімен Гаухар Саядылқызының мерейін марқайтты.
Осыдан кейін автор шараға қатысушы қауыммен бірге Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасындағы пәлсапалық пайымдарын жан-жақты зерделеді.
Оралхан Бөкей шығармаларын насихаттау бағытындағы бірнеше өзекті мәселелерді де айрықша атап өтті.
Соның бірі, жазушы шығармаларының айтпақ ойы мен астарын жете түсінбей сахналау туралы ойын да қынжыла жеткізді.
Құрметті Достар!
О.Бөкейұлының әдеби мұрасының мән-маңызына үңіліп, Ел мен Жер хақында жарты ғасыр бұрын дабыл қаққан көріпкелдігіне көз жеткізгілеріңіз келе ме?
«ОРАЛХАН ШЫҢЫ» кітабын біздің кітап ордамыздан алып оқыңыздар!

Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22

Новости филиалов